Жарнама
Жаңалықтар

“Ел бірлігі – татулықтың тірегі”

Атырау облыстық балалар кітапханасының 5–9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай өткізген кітап-иллюстрациялық көрмесі осылай деп аталды.

Іс-шараға Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушылары қатысты. Көрменің мақсаты – жас оқырмандарға елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары жайлы түсінік беру, этносаралық татулық пен достықтың маңызын дәріптеу.

Көрмеге Қазақстанда тұратын этностардың тарихы мен қазіргі өмірін, өнері мен мәдениетін қамтитын түрлі танымдық кітаптар қойылды. Атап айтқанда, «Бір халық, бір ел, бір тағдыр», «Қазақстан халқы Ассамблеясы: Жиырма жылдық тарих», «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы», «Қазақстан – бірлік және келісім мекені», «Народ Казахстана» энциклопедиясы, «Қазақстан этностары: тарихи-этнографиялық энциклопедия» сынды басылымдар көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін макеттер де көрменің мазмұнын байытты.

Жиын барысында оқушылар кітаптармен танысып, түрлі этностардың ерекшеліктері мен еліміздегі бейбіт өмірдің басты құндылығы – бірлік пен татулық жайлы мол мағлұмат алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button