Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Экспоға 5 миллион адам келеді

БҰҰ ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Бас Комиссары Джихан Султаноглу Қазақстанның жасыл технология орталығын ашу туралы бастамасын қолдайтынын айтты. Бұл туралы ол «Астана ЕХРО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу кезінде мәлімдеді.

Жасыл технология орталығы ашыла ма

«Біз Қазақстан Президентінің жасыл технология орталығын ашу жайлы бастамасын қолдаймыз. Сонымен қатар, осы жобаға өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз. Тұрақты энергия тақырыбында бұл көрме Қазақстан үшін таптырмас мүмкіндік болатынына сенімдімін» деген Султаноглу ханым тұрақты және рационалды энергия саласында зор жаңалықтардың күтілетінін айтты.

Бүгінгі таңда Астанада өтетін халықаралық ЕХРО-2017 көрмесіне 115 ел мен 18 халықаралық  ұйым  қатысатындығын  растады. 18 ел павильондарын тақырыптық безендіруге кірісіп кетті.

Жалпы алғанда, ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 5 миллион адам келеді деп күтілуде.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button