Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«ЭКСПО-2017» көрмесінің бойтұмарлары туралы не білеміз?

Үш атау тегіннен таңдалған жоқ. Халықаралық көрменің үш бойтұмары Күн, Су және Желді біріктіріп, болашақтың энергиясын  паш етеді. Сәуле күнді бейнелесе, Қуат – жер күшінің белгісі, Мөлдір – таза су мен ауа.

Көрме

Бойтұмарды жасау идеясы 2014 жылы жүзеге асқан болатын. Маскоттар қазақстандықтардың ашық түрде дауыс беруімен және арнайы құрыл-ған комиссияның шешімімен таңдап алынды. Дауыс беру жүйесі «ЭКСПО» сайты ар-қылы жүргізілді. Бойтұмарларды таңдау оңайға соқпағаны белгілі. Байқауға сексеннен астам жоба түскен. Олардың арасында АҚШ, Мексика, Бразилия, Германия, Швейцария дизайнерлерінің жұмысы да болды. Алайда, жоба жетекшілері отандық мамандардың жұмысын таңдады.

– Бұл бойтұмарлардың өз мағынасы бар. Мәселен, Сәуле адамдарды шуағымен жылытатын күн энергиясын бейнелейді. Қуат «жасыл» энергияны сипаттайды. Яғни, жердің күшін, табиғаттың кереметін паш етіп тұр. Мөлдір – су энергиясының белгісі, — дейді жоба жетекшілері.

Әр ауқымды шараның тақырыбымен үндесетін өз бойтұмары болады.  Мәселен, Италияның Милан қаласында өткен «ЭКСПО»-ның өз ұраны болған: «Ғаламшарды асырау. Тіршілік қуаты». Ал, көрменің маскоты, яғни, бойтұмары Фуди шараның негізгі жүгін көтеріп шықты. «Фуди» сөзінің мағынасы «ас – адамның арқауы» дегенге саяды. Демек, ас өмірге қуат беретін тіршілік көзі ретінде айшықталып тұр.

Ал, Оңтүстік Кореяның Есу қаласында өткен ЭКСПО көрмесінің маскоты  «Жанды мұхит және жағалау аумақтары» тақырыбын қамтыған еді. Бойтұмарлары – Ени мен Суни – теңіз тіршілігінің басты қорегі, көмірқышқыл газын жұтып, ауаны тазалайтын өсімдік түрлері.

Бес жыл бұрын Шанхайда өткен ЭКСПО көрмесінде қытай иероглифтерінің кескіні маскотқа айналды. Бұл таңдау «адам – тіршілік иесі» екендігін айғақтады. Ал, тамшы бейнесіндегі Хайвао әлемге танылды.

Сәуле, Қуат пен Мөлдір бойтұмарлары Елордадағы дүкен-сөрелерде сатыла бастады. Яғни, қазақтың осы үш есімі дүниежүзіне танымал болады. Өйткені, Қазақстанға келген туристер көрмеден естелік болатындай ерекше кәдесый іздейтіндері анық.

– Үшеуі де ерекше көз тартады. Шынында да, үшеуінің атына заты сай. Сондай-ақ, көрме тақырыбын толық қамтып тұр. Бірі сәуле шашса, екіншісінің көзі тау суындай мөп-мөлдір. Ал, жасыл түсті «Қуат» табиғи күш-қуаттың символындай. Болашақ энергиясын сәулесіз, қуатсыз, мөлдірсіз елестету мүмкін емес. Адам баласына бұл өмірде не керек? Әрине, жарық, су, жылу, күш-қайрат қажет. Ұйымдастырушылар осыны ескеріп, әдемі үйлесім жасай білген, — дейді Польшадан келген турист Терри Кистан.

Бойтұмарларды «Әдемі-ай» компаниясы жасауда. Дү-ниенің төрт бұрышына таралатын бойтұмарлар Қазақстанда өткен шараның басты символы болып қалары анық.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button