Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Екпе алыңыз, өкінбейсіз

Ерекше қауіп төндірмесе де, тұмау жыл сайын бәріміздің  басымыздан өтеді. Бір апта бізді сабақтан, жұмыстан қалдыратын жайсыз ауруға шалдықпаудың жолдары қандай? Осы орайда алдымен, екпе жайлы ел арасында тараған бірнеше қате тұжырымдарды тізіп көрейік:

%d0%b4%d0%b5%d0%bd%d1%81%d0%b0%d1%83%d0%bb%d1%8b%d2%9b

«Екпе алсаң, ауырмайсың». Мүлдем тұмау жоламайды емес, екпе алған адам ауруын асқындырмайды, ауру жеңіл түрде өтеді.

«Иммунитет үшін өмірде бір рет вакцина егу жеткілікті». Бұл да қате түсінік. Тұмаудың айлакер вирусы маусым сайын өзгеріп отырады. Демек, былтырғы салынған вакцина сізді биыл мүлдем қорғай алмауы мүмкін. Тұмаудың екпесі әсерін 12 ай ғана сақтайды.

«Тұмауға қарсы екпе тегін салады». Біздің елде тұмауға қарсы вакцинаны тегін екпейді. Оны еш ақысыз тек ағымдағы жылдың 1 қазан мен  15 қараша аралығында арнайы қорғалған әлеуметтік топтың қабылдауына болады.

Негізінен екпенің құны орта есеппен – 2100 теңге.  Вакцина енгізілгеннен кейін дене температурасы жоғарылауы, жеңіл тұмаурату, бас, тамақ ауруы түріндегі жалпы әсерлері болуы мүмкін. Аталған реакциялар әдеттен 1-3 күннен кейін өздігінен басылады.

Екпенің пайдасы

Әсіресе, кішкентай бүлдіршіндерге екпе жасатқан дұрыс. Вакцина балалар арасындағы аурудың асқынуын (өлімге дейін) 30 пайызға  дейін төмендетеді. Жүкті әйелдерде тұмауды пневмонияға дейін жеткізбей,  әлсіз түрі өтуі мүмкін.

Қазіргі уақытта №2 қалалық емхананың №12  кабинетінде екпе салу науқаны жүруде. Әр аптаның дүйсенбі  мен сенбі күндері аралығында  сағат таңғы 9-дан, кешкі  7-ге дейін  үзіліссіз қызмет етеді.

Зәуре  ІЗБАЕВА,

 №2 қалалық емхананың психологі.

Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button