Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Екі жуғыш затты араластырған қыз комаға түсіп, қайтыс болды

Atr.kz/19 тамыз, 2020 жыл. Оқиға былай болған. Небәрі 34 жастағы Ұлыбританияның Фелтем қаласының тұрғыны Селия Сеймур, өзінің досы Пит Сефериді үйіне қонаққа шақырған. Ер адам бес минуттан кейін келетінін айтқан, осы уақытты қолданып, британдық әйел жуынатын бөлмені аздап тазалап алғысы келген. Пит үйге кірген кезде, ол біртүрлі қатты иісті сезді, сондықтан олар сыртта сөйлесуді жөн санаған.

Кенеттен Селияда демікпе басталды, ол Питке жедел жәрдем шақыруын сұрады. Жедел-жәрдемді күтіп тұрып, Пит қызға жасанды тыныс алу жасауға тырысты, деп жазады Daily Mail. Көп ұзамай оны ауруханаға жеткізіп, жасанды комаға жатқызды, бірақ төрт күннен кейін қыз қайтыс болды.

Селияның анасы қызының ағартқышқа, дәретхана тазалағышын қосқанын айтты. Заттар реакцияға түсіп, нәтижесінде қызда астма тудыратын газ пайда болды. Қайғыдан қан жұтқан ана басқаларға тазалағыш заттарды араластырмауға және оны қолданғанда өте сақ болуға шақырды. Көлік жуу иесі қыз қайтыс болғаннан кейін компанияны оның құрметіне өзгертті.

«Stan.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button