Жарнама
Жаңалықтар

Екі нәрестесі бар келіншек балаларын асырау үшін бүйрегін сатпақшы

Жұмыс істеп, ақша табуды көздеген Сайора Сатыбалдиева күйеуімен бірге Андижан облысынан 2014 жылы келген. Алайда, жас келіншек Қазақстанға келгелі екі құрсақ көтеріп, балалармен отырып қалады. Қазір ол отбасымен мына аядай ғана бөлмені паналап отыр деп хабарлайды 31 арна.

pogudx7ls4trqrjmk.5fdba3f9

Отағасының ай сайын тапқан жалақысы кейде жалдамалы пәтер мен балалардың тамағына да жетпей қалады. Отбасы суға піскен картоп, қара нан мен қара шәйға қарап отыр. Екі жасар Сәбинаға айранның өзі айына бір-ақ рет алынады екен.

«Көшеде жүргендерді көрсең мен де балаларымды киіндіргім келеді, қыдыртқым келеді. Сол жоқшылықтан ғой бәрі», — деп мұңын шақты Сайора.

Жас келіншектің тұрақты мекен-жайы мен жұмысы болмаған соң құжаттары да заңдастырылмаған. Сондықтан ол кез-келген уақытта Өзбекстанға  департациялап жіберсе, балаларымнан айырылып қалам ба деп қорқады.

Тұңғышы Сәбинаны туғанда жолдасы әупірімдеп ақша тауып, перзентханадан туу туралы анықтаманы алған. Ал ұлын босанғанда туылғандығын растайтын бір-ақ жапырақ қағазға да зар болып қалған.

«31 арна» тілшілері барған соң ғана дәрігерлер түсіністікпен қарап, әйелдің құжаты мен баланың Қаскелеңнің перзентханасында туылғандығын  растайтын анықтаманы тегін берді.

Алайда мәселе бұнымен шешілмейін деп тұр. Себебі сәбилердің туу туралы күәлігін жасату үшін өзбек әйел тұрақты тіркеуге тұруы керек. Ал бейтаныс адамды өзіне тіркеуге қоюға ешкімнің құлқы жоқ.

«Ана жаққа барсам, анда бар дейді, ары-бері жүргізіп жатыр. Бір айдан бері қиналып кеттім, документ жөндеймін деп. Ақшам жоқ менің, бүйрегімді сатудан басқа амалым да қалған жоқ. Балаларым үшін бәріне дайынмын», — деген келіншек жыларман халге түскен.

Сайораға балаларына туу туралы күәлікті жасату үшін талай мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздыру керек. Алайда халыққа қызмет көрсету орталығы бұл біздің құзыретімізде емес деп пікір беруден бас тартып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button