Жаңалықтар
Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр
Кеше Көкарна ауылындағы жол-көлік апатынан жарақат алған төрт адамның біреуі облыстық ауруханаға жеткізілсе, үшеуінің денсаулығына облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері жауапты болды. Бүгін медицина мамандары 1989 жылы туған әйел адамды өзін жақсы сезінуіне байланысты үйіне жіберді.
Ал қалғандарының екеуі әлі балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде болса, біреуі травматолог дәрігерлердің жіті бақылауында көрінеді.
Естеріңізге салайық, кеше кешкі сағат 17:00 шамасында Дамбы ауылына барар жолда төрт көлік соқтығысып, соның кесірінен 2 адам қаза тапқан еді.