IMG 2523 15 09 18 05 05

Екі автобус бағытында электронды билет жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды

Жаңалықтар Шаһар шырайы

Атырауда екі автобус бағытында электронды билет жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды.

IMG_2523-15-09-18-05-05

15 қыркүйек күні №5 және №14 қоғамдық көлігіндегі алғашқы валидаторлар – электрондық билетке арналған мобильді құрылғылар арқылы табыс тапты, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Атырауға 200 мобильді төлем құрылғысы жеткізілген. Жыл соңына дейін барлық қоғамдық көлікке стационарлық валидаторлар орнатылатын болады.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауидің айтуынша, биылғы наурыз айынан бастап облыс орталығында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық көлікте жол жүру төлемдерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Smart-ТКШ» компаниясы 6 тасымалдаушы-компаниямен келісімшартқа қол қойды. Қазірдің өзінде 1 қазаннан бастап барлық жол серіктерге 200 мобильді төлем құрылғысын шығаруды жоспарлап отырмыз. Автобустарға QR кодтарын тағайындап, төлемдердің басқа түрлерін жасауға болатын «SmartQala» мобильді қосымшасы іске қосылатын болады. Электрондық билет жүйесін енгізудің мақсаты – қоғамдық көлік жұмысының ашық болуын қамтамасыз ету», – деп түсіндірді әкім орынбасары.

Осылайша, валидатор автоматты түрде автобустардағы жолаушылардың қозғалысын, жалпы есепті оқи отырып, ақпаратты электрондық дерекқорға жүктейді. Жаңа жүйенің енгізілуінің арқасында қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасы, жүргізушілердің және жол серіктердің жалақысы, сонымен қатар, тасымалдаушы компаниялар табысы, бюджетке түсетін салық түсімі көбейетін болады. Бұдан басқа, автобустардың қызмет ету сапасы артады, себебі қоғамдық көліктің техникалық күйін жақсы жағдайда ұстау үшін қаражат төленетін болады.

«Пилоттық жоба кезінде жолаушылар валидатор арқылы қолма-қол ақша төлейтін болады. Жүйе іске қосылғаннан кейін арнайы төлем карточкалары енгізіледі. Кез келген азамат үшін жол жүру картасының құны 300 теңгені құрайды. Ал, зейнеткерлер мен мүгедектерге және ардагерлерге арнайы тегін карталар беріледі», – деп атап өтті «Smart-ТКШ» компаниясының өкілі Ерлан Нұрланұлы.

Еске сала кетейік, Астана мен Алматыда электронды билеттерді сату жүйесі офф-лайн режимінде енгізілген. Атыраудағы жобаның артықшылығы – төлемдер онлайн-форматта қабылданады. Бұл автобустардың бір-бірімен байланыста болуына, күнделікті жұмыстары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар,  қыркүйек айының соңында қалаға 20 жаңа автобус әкелінеді. Тиісінше, биыл Атырауға жалпы саны 100 жаңа автобус келіп, қоғамдық көліктер төлем құрылғыларымен жабдықталмақ.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған