Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Екі адам аппаратқа қосулы: атыраулық дәрігерлер 36 науқастың жағдайы туралы айтты

Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. Covid 19 қауіпті вирусын жұқтырған екі науқастың жағдайы ауыр. Қазіргі таңда 37 жастағы ер адам мен 82 жастағы қария аппаратқа қосылып, жасанды жолмен тыныс алып жатыр.

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 28 жасар қызылқоғалық әйел адамның жағдайы «орташа ауыр» деп бағалануда. Қазір ол республика бойынша бекітілген бірегей хаттама бойынша ем алуда.

«33 емделушінің жағдайы тұрақты» делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, бұған дейін коронавирус дертінің Атыраудағы Теңіз қалашығынан да табылғанын хабарлаған едік.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-%d2%9b%d2%b1ryl%d2%93an-y%d2%9bylasty-bauyrlar-eriktileri-blok-beketterge-ysty%d2%9b-ta%d2%93am-apardy-video/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button