Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

ЕХРО-ға келушілер саны 4 миллионға жуықтады

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, халықаралық ЕХРО-2017 көрмесіне тамашалауға келген азаматтардың жалпы саны төрт миллионға жуықтады. Бұл туралы отандық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін өткен баспасөз-конференциясында Астана ЕХРО-2017 ұлттық компаниясы төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов мәлімдеді.

c0308b634d6f

– Оның ішінде 500 мың адам шет елден келген туристер. Үздік павильондардың ондығын бастап тұрған «Нұр Әлем» павильонының өзін жұмыс күндері 15 мың адам, сенбі және жексенбі күндері 30 мың адам тамашалауда. – деп атап өтті спикер Әлішер Пірметов.

Айта кетелік, жұмысы үш айға жалғасқан халықаралық ЕХРО-2017 көрмесінің ресми жабылау рәсімі бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 20.00-ге жоспарланған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button