Егіздерге ерекше есімдер қойылды

Егіздердің есімдері – Мерей мен Нұрлан.  Жүкті әйелді босандырып алған дәрігерлердей елдің қалаулы тұлғасы болсын деп ауруханадағы ақхалаттылар  сәбилерді әріптестерінің есімдерімен атады, деп хабарлайды atr.kz Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

sabii

Бүгін, 21 сәуірде Атыраудың модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 3 келі 240 грамм және 3 кел 450 грамм салмақта ұл балалар дүниеге келді.

– Вирустық пневмониямен емделіп жатқан жүкті әйел жалпы  салмағы 7 келіге  жуық сәбилерді кесір тілігі арқылы дүниеге әкелді. Қазіргі уақытта ол хаттамаға сәйкес, ем алып жатыр. Ал, балалардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ, – деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Балаларға есімдері берілген дәрігерлердің бірі – Мерей. Ол – жүкті әйелге кесір тілігі арқылы ота жасаған хирург. Ал,  Нұрлан – жүктілік пен босану кезінде науқасты бақылауда ұстаған акушер-гинеколог, – деп нақтылады хабарламада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз