Эфиопияда Абай шығармашылығы таныстырылды
Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Эфиопияда Қазақстанның Елшілігі Абайдың шығармашылығын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
«Аддис-Абеба университетінде Халықаралық ана тілі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Аталмыш шараға Ғылым және жоғарғы білім, Мәдениет министрліктерінің, БАҚ, Эфиопияның ғылыми және мәдени топтарының өкілдері, сондай-ақ, дипломатиялық корпус өкілдері қатысты» делінген хабарламада.
Іс-шара бағдарламасына, атап айтқанда, әртүрлі елдер өкілдері, оның ішінде Қазақстан да қатысты.
Осы жылы қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында елшіліктің ұжымы оның шығармашылығының тұсаукесерін жасап, «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде орындады.
Шараның ресми бөлігі кезінде Эфиопияның Мәдениет пен ғылым және жоғарғы білім министрлері, Аддис-Абеба университетінің президенті және UNESCO өкілдері сөз сөйледі.