Жаңалықтар
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ АЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ КӨБЕЙЕДІ
Atr.kz/12 наурыз, 2019 жыл. Аудандарда ең төменгі жалақы алатын мемлекеттік қызметшілер бар. Олардың жалақысы 25 мың теңгеге көтерілетін болады.
Бұл туралы Атырауға сапары аясында Құрманғазы мәдениет үйінде жергілікті жұртшылықпен кездесу өткізіп жатқан ҚР Премьер – Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мәлімдеді.
Еске сала кетелік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған делегация құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, “Нұр Отан” партиясының хатшысы Қаныбек Бекболатұлы бар.
Айбөпе САБЫРОВА.