Жарнама
Жаңалықтар

ЕҢ ҰЛЫҚ ҚҰРМЕТ – АТА-АНАҒА!

 

Бүгінгі жас ұрпақтың ата жолымен жүріп, дәстүрлі дінімізбен сусындауы мақсатында өткен шарада жастардың білім алу мәселесі, ислам дініндегі ата-ананың рөлі жайында айтылды. Облысымызға арнайы келген танымал теолог-исламтанушы Абдуғаппар Сманов еліміз егемендік алғалы дәстүрлі ислам дініміз еңсе тіктеп, қанатын кеңге жайғандығын сөз етті.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері еліміздің түкпір-түкпірінде мешіт, медреселер ашыла бастағанын айтып, өскелең ұрпақты сауапты іс атқаруға, ешкімге қиянат жасамай адал болып, білім алуға шақырды. Сондай-ақ, дүние жүзінде орын алып жатқан, қанды оқиғалар білімсіздік салдарынан екендігін жастарға тереңнен түсіндірді. Дінін ұстанып, артына рухани мол мұра қалдырған Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы секілді қазақтың біртуар тұлғаларын жастарға үлгі етті.

— Ата-ананың орны исламда – ұлық. Ата-ананы құрметтеңіз, әркез ең жақсы сөздеріңізбен қуантыңыз, — деді Абдуғаппар Сманов студент жастарға.

Тәлім-тағылымы мол шара соңында теологке студент-жастар көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауабын білді.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button