Жарнама
Жаңалықтар

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕНГЕНДЕР

Елбасының Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 20 жыл» мерекелік төсбелгілерімен «Доссормұнайгаз» мұнай және газ өндіру басқармасының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметі жетекшісінің орынбасары Марат Шайқұнов пен Исатай ауданының Тұщықұдық селолық округінде жеке шаруа қожалығын басқаратын Батан Ыбыраев марапатталды. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева мен Атырау қаласы әкімінің орынбасары Айжан Қарабаеваға Мәдениет және ақпарат министрі, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Алғыс хаты табысталды. Мұндай сый-құрмет оларға VI Қазақстан патриоттары форумын жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқандары үшін көрсетілді.
Аталған азаматтарды құттықтаған облыс басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы олардың қызметтеріне табыс, еңбектеріне жеміс тіледі.
— Жақында ғана өңірімізде болған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыста атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Тіпті, Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстанға сапарын Атыраудан бастауының өзі біздің аймағымыздың қаншалықты зор маңызға ие екендігін айқын аңғартты. Әрине, мұның барлығы — осы өлкеде қызмет атқаратын азаматтардың ерен еңбегі. Біз жасалған жұмыстарға тоқмейілсімей, жауапкершілікті бұдан әрі арттыруымыз керек. Атқарылар шаруа әлі де алда. Ал, бүгінгі алған сіздердің марапаттарыңыз – еңбектеріңіздің бірден-бір нәтижесі, — деді аймақ басшысы.

Мәлике МӘЛІК.
Суретті түсірген Е.АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button