Жарнама
Жаңалықтар

Дұрыс жауапқа тәтті берілді: атыраулық еріктілер қызықты іс-шара ұйымдастырды


«Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының еріктілері балаларға қазақ мәдениеті туралы айтып берудің және мерекелік көңіл-күй сыйлаудың ұтымды тәсілін ойлап тапты. Олар 22-наурыз күні көшедегі жолаушыларға сұрақ қойып, дұрыс жауап бергендерге тәттілер мен бауырсақ салынған қоржындарды тарту етті. Сұрақтар Наурыз мейрамына, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне арналды. Бұл іс-шара Атыраудың іргесіндегі елді-мекендерде өткізілді және оған 400-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, балалар Наурыз мейрамының шығу тарихына, ұлттық ойын түрлеріне қатысты сұрақтарға мүдірмей жауап берді.

 — Наурыз – жаңару мейрамы. Сондықтан да біз өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтар, қазақтың бай  дәстүрі мен  мәдениеті жайлы жеткізудің жаңаша тәсілін ойлап таптық. Сұрақтарға жауап берген балалардың қуанышында шек жоқ. Ал жауап бере алмаған сұрақтардың жауабын табу үшін ізденетіндерін айтты. Бұл күнді олар мейірімділік күні ретінде есінде сақтап қалады, — деді қордың еріктісі Абылай Сапиев.

Акция тәмамдалғанша балаларға бас-аяғы 200 қоржын тәттілер мен 200 қоржын бауырсақ таратылды. Ұйымдастырушылар көктем мен жаңару мерекесі балалардың есінде  жақсылықтың нышаны мен 
жаршысы ретінде есте қалады деп отыр.   

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА.

Atpress.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button