Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Дүкен иелері көтерген мәселе шешілетін болды

Атырауда дүкен иелері «Виртуалды қойма» жобасына қарсы пікірлерін айтты.

Елдегі бірқатар жаңа талаптар азық-түлік дүкендерінің жұмысын қиындатуда, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда дүкен иелері коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуі, қосылған құн салығы шегіне, банктердің жоғары пайыздарына және тауарларға ілеспе жүк құжаттардың  енгізілуіне наразы.

Шағын кәсіп иелерінің айтуынша, енгізілген жаңалықтар, ең алдымен, шағын бизнеске кедергі келтіреді. Бұл жағдай азық-түліктің қымбаттауына, шағын үй жанындағы дүкендердің жабылуына әкелуі әбден мүмкін.

Көп қабатты үйлердің аулаларындағы дүкендер мен шағын маркеттер иелерінің проблемаларын бизнес пен мемлекеттік органдар өкілдері арасында ашық диалог ұйымдастырған Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағы қолға алды.

Дүкен иелерінің бірі Ләззат Досмағамбетованың айтуынша, азық-түлік дүкендерінің бәрінде бірдей есеп жүргізілмейді. Өйткені, дүкен қызметкерлері  тәулігіне 16 сағаттын қызмет көрсетумен  өткізеді, ал бұл үшін басқа адамды жалдауға мүмкіндік жоқ.

-Егер, виртуалды қойма, электрондық шот-фактуралар  мен тауарларға ілеспе жүк құжаттары енгізілсе, біз бұл мәселелермен айналысуға физикалық тұрғыдан үлгермейміз.

Клиенттерге уақтылы қызмет көрсетуіміз қажет.  Біз клиенттерді 15 минуттан артық кешіктіре алмаймыз.

Сонымен қатар, біздің көпшілігімізде бұл салада арнайы білім жоқ. Ал, біздің жағдайымызбен 300 мың теңге жалақыға бухгалтер жалдау мүмкін емес, — дейді Ләззат Досмағамбетова.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда  «Виртуалды қойма» пилоттық жобасы іске қосылды.

Жоба тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды  енгізуді көздейді. Құжаттар электронды түрде «Вируталды қойма»  модулінде рәсімделеді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің бекітуі бойынша, бұл шара Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз етуге тиіс.
Сондай-ақ, заңсыз алкоголь өнімдерін анықтау үшін «Wipon Pro» қосымшасы әзірленді, оны саудагерлер міндетті түрде орнатуы керек.

Дүкен иелерінің айтуынша, бұл жобалар шағын кәсіп иелерінің ақшасы мен уақытты ысырап етеді.

— Бұл қосымша үшін біз жылына 8 мың теңге төлеуге тиіспіз. Ол кейбір брендтерді оқымайды, сондықтан сандарды қолмен енгізу керек. Бұл бағдарламадан еш пайда жоқ, — дейді кәсіпкерлер.

Азамат Макке — үш шағын маркеттің иесі. Оның айтуынша, тауарларды сатудан түскен табыстың 15% — ы коммуналдық қызметтер, банктік пайыздар, салықтар мен қызметкерлердің жалақысы үшін шығындарды толық өтемейді.

— Біз өзіміз орнатқан контейнерден қоқысты шығару үшін айына 60 мың теңге төлейміз, оған қоса жарық, газ, су, салық, қызметкерлердің жалақысы, үй-жайды жалға алу үшін төлеу қажет. Банк картасымен немесе QR-кодпен төлеу үшін банк бізден 3% — ға дейін ұстап қалады.

Картадан ақша алу үшін тағы 1% ұстайды. Нәтижесінде айына 400 мың теңгені банктерге береміз. Егер Виртуалды қойма, өзге де айтылған жаңа жобалар енгізілетін болса, мұның барлығы шағын бизнесті тұншықтырады.

Сонымен қатар, азық-түлік бағасының өсуіне алып келеді, — деп есептейді Азамат Макке.


Кездесуге қатысқан Атырау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге ықпал етіп, ұсыныстарын орталыққа жеткізуге уәде берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button