Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Дүйсенбай Тұрғанов атыраулықтарды не толғандыратынын білді

«Nur Otan» партиясының Атырау қалалық филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов қоғамдық қабылдау өткізді.

«Депутат қабылдайды» дегенді естіген атыраулықтар өздерін толғандырып жүрген мәселелерін іштей тағы бір мәрте пысықтады. «Жан басына бір Алла» демекші, олардың өтініш-сауалдарынан-ақ әлеуметтік-экономикалық жағдайдың толғантып отырғаны бесенеден белгілі еді. Атап айтар болсақ, олар — жұмыспен қамту, баспана, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау.

Тұрғындардың тілектері мен өтініштерін асықпай тыңдаған депутат кейбір сауалдың жауабын сол мезетте шешіп беріп отырса, қайсыбірін тікелей өзінің бақылауына алатынын айтты. Қабылдауға келген 20-дан астам адам өздері көтерген мәселенің аяқасты қалмайтынына сенімді.

Лиза Сейтімова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button