Атырауда «Ұлы дала мұрагерлері» атты гала-концерт өтті (ФОТО)

Творческий гала концерт 186 Жаңалықтар

Тәуелсіздік мемлекеттегі әр саланың өз алдына дамып, жаңа әлемнің өзгерістеріне бейімделе отырып қалыптасуына зор мүмкіндік берді. Соның бірі ұлттық білім беру саласы. Еңселі жиырма бес жылдан астам уақытта білім саласы түрлі өзгерістерге ұшырап6 нәтижелі жетістіктерге қол жеткізді. Соның бірі – мемлекет басшысының қолдауымен іске асқан Назарбаев Зияткерлік мектептерің құрылуы. Сапалы білім берудің отандық флагманы ретінде өзге білім беру мекемелерін алға жетелейтін, жаратылыстану және математика бағытындағы ғылымды игеруде көшбастап отырған зияткерлік мектептер желісінің құрылғанына 10 жыл толғалы отыр. Ал Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жұмысы 5-ші жылға аяқ басты. Аталған мерзім ішінде өңірдегі Елбасы мектебінің жеткен жетістіктері, толайым табысы көп.

Творческий гала-концерт (186)

Соның айқын дәлелі ретінде оқу орынның Нидерландыдағы (CIS) Халықаралық мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өтуі.

Творческий гала-концерт (160)

Осы орайда Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнап «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылардың шығармашылық есебін өткізді. Шара Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласын негізге ала отырып, зияткерлік мектептердің он жылдығы аясында ұйымдастырылған.

Творческий гала-концерт (154)

«Ұлы дала мұрагерлерінің» бағдарламасы екі бөлімнен тұрды. Әуелі облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театрына келушілерге оқушылардың жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылған. Көрмеде оқушылар ғылыми жәрмеңкелерді, шығармашылық алаңдарды, ашық лабараторияларды ұсынды. Мұндағы мақсат Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі білім беру саясатының іс-тәжірибесін тарату, шараға қатысушылар үшін жаңартылған білім беру моделінің ерекшеліктерін, баланың сыни ойлау, шығармашылық дағдыларын дамыту сынды негізгі қағидаларды кең ауқымда таныстыру.

Творческий гала-концерт (101)

Көрмеде химия, биология, физика, математика сынды ғылымдарды игеруде арнайы жобаларды жасақтап отырған балалардың жұмысы қойылған. Мәселен: топырақты мұнай қалдықтарынан тазарту, жалынды микротолқын әдісімен өшіру, арзан электр көзін алу және будан су тамшыларын жинайтын қондырғылар секілді ғылыми жоба түрлерімен танысуға болады. Сондай-ақ қосымша білім беру курстарының жұмыстары: саз және қыштан бұйымдар жасау, тоқыма және тігін шеберханасы, ағаш-металл және пластик материалдармен жұмыс үйірмесі, бейнелеу, киіз және жүн өнімдерімен айналысатын оқушылардың туындылары ұсынылды.

Творческий гала-концерт (140)

Ал шараның негізгі бөлімі Махамбет драма театрының сахнасында «Ұлы дала мұрагерлерінің» шығармашылық есебіне арналған гала-концерт өтті.

Творческий гала-концерт (24)

Мұнда мектептің хор ұжымы, хореография, домбыра, актер шеберлігі үйірмесінің балалары өнер көрсетті. Атап айтсақ құрамында 100-ден астам оқушылары бар домбыра оркестрі бір мезгілде Құрманғазы күйлерін орындаса, мектептің көлеңке театры «Мәңгілік ел тарихы» атты қойылымда еліміздің негізгі тарихи оқиғаларын көрсете білді.

Творческий гала-концерт (423)

«Ұлы дала мұрагерлері» шығармашылық есебінде Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі әлеуметтік жобалар, атап айтсақ «Екі апта ауылда», «Ата-ана жұмысында 10 күн», «Баланы жұмысқа жетеле» сынды оқушылардың жазғы әлеуметтік тәжірибелерінің орындалуы көрініс тапты.

Гүлдана Жамбозова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз