Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

«Друг вокругтан» шықпайтын атыраулық алданып қалды

Атыраулық полицейлер әлеуметтік желіде жалған жарнама арқылы алаяқтықпен айналысқан күдіктіні ұстады.

Атырау қаласының 1981 ж.т. тұрғыны «Друг вокруг» әлеуметтік желісінде несие алып беруге көмектесемін деген жарнаманы көріп, қызығушылық танытқан.  Белгісіз адам азаматшаны сендіріп, өзінің жеке есепшотына абоненттік нөмірі арқылы 251 000 теңге қаражатын аудартып алған. Кейін, әйел өзінің алданғанын түсініп, дереу полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары ақпараттық жүйе арқылы алаяқтықпен айналысып келген қылмысқа күдікті ер адамды анықтап, ұстады.

1989 ж.т. күдікті тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы 2 бөлігі 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірілген залалды толық қайтарды.

Осы орайда Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтықтарға қарсы қауіпсіздік шараларын сақтап, көп мөлшерде ақшалай қаражатты жұмсардың алдында, тексеруді немесе заңгерлермен кеңесуді сұрайды.

   Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Атырау облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы интернет парақшалары арқылы ақшаларыңыздан және тағы басқа құндылықтарыңыздан айырылу фактлері орын алған жағдайда, қылмыстық қудалау органына хабарласуларыңызды сұрайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button