37 жастағы азамат тегін грант алып беремін деп үш тұрғынның 1 млн 250 мың теңгеге жуық ақшасын жымқырған

44c93b71 3327 4ec3 aa76 b8d4894cc46c Құқық

18 қазан күні Атырау қаласы Полиция басқармасына 22, 27 және 35 жастағы жергілікті үш тұрғын арызданған. Онда олар өздерін 37 жастағы азаматтың жоғарғы оқу орнына ақысыз түсіріп беремін деп сендіріп, алаяқтық жолмен бірінен 600 мың теңге, бірінен 292 мың теңге, ал бірінен 350 мың теңге көлемінде ақша иемденгендігін жеткізген.

Алайда, бүгінгі күнге дейін уәде етілген оқуға түсірмеген , не өз ақшаларын кері ала алмаған.

Арада бірнеше уақыт өткен соң жәбірленушілер өздерін аталған азаматтың алдап жүргендігін білген. Сондықтан бірден полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3 бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз