Жарнама
Жаңалықтар

Доссордағы көпқабатты үйлерге күрделі жөндеу жүргізілуде

Мақат ауданы, Доссор кенті. М.Өтемісұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар тұрғын үй инфрақұрылымын жаңғыртып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді.

img 0608

Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттері жаңартылып, заманауи талаптарға сәйкестендірілуде. Сонымен қатар, кіреберіс есіктері мен терезелері толықтай ауыстырылып, ғимараттардың қасбеттері бірыңғай түске боялған.

Айта кетерлігі, жөндеу жұмыстарының бір бөлігі демеушілік қолдау арқылы жүзеге асырылуда. Осы орайда үй кіреберістері де ретке келтіріліп, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырылып жатыр.

img 0606

Жобаны толық аяқтау 2025 жылдың қазан айына жоспарланған. Бұл бастама – Доссор кентінің сәулеттік келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы маңызды жұмыстардың бірі.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button