
ЖаңалықтарЭкономика
ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА: ЖЫЛЫОЙЛЫҚ 10 МАМАНҒА КӨТЕРМЕ ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ
«Жыл соңына дейін Жылыой ауданында 10 маманға көтерме жәрдемақы беріледі», — деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Хәлел Жамалов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты.- Осы жылы екі маманға бюджеттік несие, он маманға бір реттік көтерме жәрдемақы беру жоспарланып отыр.
Өткен жылы бұл бағытта 1 маманға бюджеттік несие беріліп, 6 маман көтерме жәрдемақы алған болатын», — деді Жылыой ауданының әкімі.