Атырауда COVID-19 жұқтырған тағы бір ана босанды

dsc00089 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/16 маусым, 2020 жыл. Атырауда коронавирус инфекциясына шалдыққан жетінші жүкті әйел дені  сау баланы өмірге  әкелді.

Акушерлік көмекке  облыстық перинаталдық орталықтың мамандары атсалысқан.  Қазіргі уақытта нәрестеден коронавирус инфекциясына талдау алынып, таза палатаға ауыстырылды.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес,  әйел Қызылқоға ауданының тұрғыны.-    Сәбидің салмағы –  3 келі 394 грамм, ал, бойы- 52 см. Екеуінің де жағдайы жақсы. Жас анаға  тиісті ем шаралары әрі қарай жүргізілетін болады, – деп мәлімдеді облыстық  Денсаулық сақтау басқармасы.⠀

Айта кетейік, бұған дейін облыстағы коронавирус  диагнозымен ем қабылдап жатқан 4  және жазылып шыққан 2 әйел аман-есен босанған еді.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз