Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

Дипломатиялық қызмет ардагері – Атырауда

Atr.kz/8 тамыз, 2019 жыл. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев дипломатиялық қызметтің ардагері Қайрат Исағалиевпен кездесті.

Кездесуге дипломаттың серіктестері, ауылдастары шақырылды ,- деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысының Құрманғазы ауданында туып- өскен Қайрат Исағалиев Алматыдағы шет тілдері институтын француз тілі мамандығы бойынша аяқтап, бірнеше жыл Алжирде аудармашы қызметін атқарды.

Бұдан соң шет елдермен достық және мәдени байланыстың Қазақ қоғамында, Қазақстан Компартиясы ОҚ-нің халықаралық байланыстар бөлімінде, ҚР Сыртқы істер министрлігінде жұмыс жасады, қазақстандық шетелдік туризм саласын басқарды. Қазақстандық дипломатияның қалыптасу кезеңінде Қайрат Исағалиев ЮНЕСКО-мен байланыс комиссиясында белсенді қызмет етіп, осы құрылымның қалыптасып, дамуына зор үлес қосты. Сол жылдары Қ.Исағалиев ҚР СІМ-нің мәдени және гуманитарлық қарым-қатынас басқармасының басшысы болған еді.

WhatsApp Image 2019 08 08 at 15.59.19
WhatsApp Image 2019 08 08 at 15.59.18

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев дипломатиялық қызметтің үлкен жауапкершілігі мен жоғары мәртебесін атап өтті. Бөгде жұрт дипломаттарға қарап, оның елі туралы, мемлекеттің білім және мәдени деңгейі, экономикалық және геосаяси әлеуеті туралы ой түйеді.

Дипломатиялық қызметтің ардагері Қайрат Исағалиевтің ұлы Арман да кездесуге қатысты. Осыдан үш жыл бұрын Мемлекет Басшысының Жарлығымен ол Қазақстанның Египет Араб республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

WhatsApp Image 2019 08 08 at 15.59.18 1

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button