Жарнама
Жаңалықтар

ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ – ЖАҢА БАСШЫ

Мемлекетімізде Әділет министрлігіне аз міндет жүктелмеген. Соған байланысты Астанадан тағайындауға арнайы келген Қанат Байболұлы жаңа басшыға зор сенім артып, қызметіне сәттілік тіледі.
— Егеменді еліміздің дамуына жергілікті жерлердегі азаматтардың қосып отырған үлесі мол. Сондықтан да Елбасы қашанда басшылық қызметке қолынан іс келетін, аянбай еңбек ететін азаматтарды тартуды айтып келеді. Осыған дейін департаменттің басшысы болған Ернар Баспаевты облыстық әкімдікке жұмысқа ауыстыруға байланысты біз іскерлігімен, ұйымдастыру шеберлігімен танылып жүрген Сағынбай Тұрғаринды бұл қызметке лайық деп шештік, — деген ол Әділет министрінің тағайындау жөніндегі бұйрығымен таныстырды.
Жиынға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев та жаңа басшының жұмысына табыс тіледі. Бұл бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайтын әкімдік пен министрліктің ортақ шешімі екендігін айта келіп, алдағы уақытта департаменттің жүйелі, жоғары дәрежеде жұмыс атқаратынына сенім артты.
Айта кетерлігі, Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалып отырған Сағынбай Тұрғарин – жергілікті жердің азаматы. 1980 жылы Махамбет ауданы Ақжайық селосында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған ол әділет саласында жетекші маманнан бас маманға, одан бөлім бастығына дейін көтеріледі. Махамбет аудандық Әділет басқармасының бастығы, Атырау қалалық Әділет басқармасының басшысы лауазымдық қызметтерін атқарған.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button