Дезинфекция қалай жүріп жатыр?
Atr.kz / 10 шілде, 2020 жыл. Атырауда тұрақты түрде залалсыздандыру жұмыстарымен айналысатын құрылымдардың бірі – «AG Disinfection services» ЖШС. Індетке қарсы шаралар қарқын алған тұста аталған мекеменің қызметі ерекше маңызға ие болуда.
Серіктестік директоры Нұрлыбек Ахмедияровтың айтуынша, биыл бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен барлығы 65 млн. теңге қаражат бөлініп, оның тең жартысынан астамы немесе 38 млн. теңгесі шілде айына дейін игерілді. Қалғанын жыл аяғына дейін толықтай игеру көзделген. Мердігер мекеме өзінің жұмысын дезинфекциялық, д е з и н с е к ц и я л ы қ , дератизациялық және крамациялық бағыттарда жүргізеді.
Осылайша, мұндағы мамандар микроағзаларды, жәндіктерді, кеміргіштерді жоюдан өзге, қалдықтарды утилизациядан өткізумен де айналысады. Жүйелі жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, бірінші кезекте, масалардың таралу ошақтарын залалсыздандырып, олардың көзін азайтудың мүмкіндігі туды.
– Біздің қызметіміз мұнымен шектелмейді. Арнайы мамандандырылған мекеме ретінде Атырау қаласы әкімдігінен басқа, Атырау халықаралық әуежайы, «АТМА» АҚ, «Атырау-Автопарк» және «Ақжайық- Ав т опарк» ЖШС- т ері сияқты шаруашылық жүргізу құқығындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерімен келісім- шартымыз бар.
Сонымен бірге, COVID-19 індетіне қарсы жұмыстар жүргізу жөнінде көптеген мемлекеттік және жекеменшік ұйымдармен де осындай жұмыстар жүргізіледі. Соған сәйкес, дезинфектор-мамандар ұшақтардың борттарын, автобустардың салондарын, кеңселер мен жұмыс орындарын, үйлерді, қысқасы, коронавирус ошағы болып табылуы ықтимал жерлердің бәрінде қызмет көрсетеді, — деді Нұрлыбек Оразұлы.
Маусымдық жұмыстардың мезгілінде серіктестік жүз адамға дейін жұмыс күшін жұмылдырады. Бірнеше ондаған бірлік арнаулы техниканы жұмысқа тартады. Бүгінгі таңда мекеменің теңгерімінде желдеткіштерді, дезинфекциялық камераларды, крематор аппараттарын тазартуға арналған жабдықтар, вентиляторлық бүріккіштер, қуаттылығы ж о ғ а р ы , а э р о з о л ь д ы термогенераторлық құрылғы- қондырғылар, ыстық тұман генераторы тәрізді заманауи технологиялар бар. Олар доңғалақты трактордың және автокөліктің үстіне орнатылған.
Тағы бір жағымды жаңалық, залалсыздандыру шаралары кезінде қолданылатын п р е п а р а т т а р д ы ң б е с түрі («Таза үй» тауарлық белгісімен) осы кәсіпорынның өзінде шығарылады. Мұны айғақтайтын Бірыңғай кедендік одақтың арнайы куәлігі берілген. Бұл бір жағынан өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, көрсетілетін қызмет сапасының сақталуына да кепілдік береді.
Дәулетқали АРУЕВ