Жарнама
Жаңалықтар

Депутаттық сауал

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Біздің депутаттық сауалымыз Премьер-Министр Смайыловқа жолданады.

Біздің өтінішімізге Қазақстанның батыс өңірінің тұрғындарына сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі күрделі мәселе әсер етуі мүмкін екендігі туралы ақпарат себеп болды.

Мәселе осы аймақ үшін өте өзекті. Оны менің әріптестерім, «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері өз сауалдарында бірнеше рет көтерді. Бірақ бұл жағдайда ахуалдың күрделілігі — еліміздің аумағына ластанған сулардың түсу қаупі болып отыр.

Өздеріңіз білетіндей, қазан айының соңында Волгоградта ірі коммуналдық апат болды, салдарынан ағынды сулар Еділ өзеніне түсті. Біздің еліміздің аумағына ластанған су Еділдің саласы — Қиғаш өзені арқылы жетуі мүмкін, ал өзен жағалауында да, Қиғаш-Маңғышлақ су құбыры арқылы да су пайдаланатын Атырау және Маңғыстау облыстарының 800 мыңнан астам тұрғыны қауіп-қатер аймағында болуы мүмкін.

Бұл ретте, біздің уәкілетті органдарымыз бұрыннан бар қауіптен басқа, іс жүзінде стратегиялық маңызы бар осындай ақпаратты қалай алатыны айтарлықтай алаңдаушылық туғызады.

Отандық БАҚ-та орналастырылған материалдарға сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті осы жағдай туралы атыраулық экобелсенді Хайруллин Арман апат және ластану қаупі туралы ақпаратты орналастырған әлеуметтік желілердің мониторингі барысында білді.

Неге біздің экологиялық қызметтер ластану туралы тек әлеуметтік желілер арқылы ғана біледі? Неліктен шекаралас көршілерімізбен трансшекаралық өзендердегі апаттар немесе туындайтын форс-мажорлық жағдайлар жөнінде ақпарат алмасу туралы нақты жұмыс жолға қойылмаған?

Алайда, біздің сұрақтарымыз мұнымен шектелмейді.

Тезірек шешуді қажет ететін тағы бір мәселе — жерүсті суларының, соның ішінде трансшекаралық өзендердің жай-күйі сапасын бақылаудың жиілігі.

Экология кодексінің талаптарына сәйкес мұны «Қазгидромет» жасауы тиіс. Бірақ бұл айына бір рет жасалатындықтан қауіпсіздікке кепілдік бермейді. Егер бұл қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты болса, мәселені шұғыл түрде шешу қажет. Әйтпесе, біз «жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шап…» дегендей, кеш қозғала бастаймыз.

Осыған байланысты болашақта мұндай жағдайдың алдын алуға ықпал ететін шаралар кешенін қабылдау қажет деп санаймыз.

Біздің ойымызша, біріншіден, іс-қимылдарды уақытылы хабардар ету және үйлестіру үшін көрші елдердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын арттыру қажет.

Екіншіден, экологиялық оқиғаларға жедел ден қою, олардың алдын алуды бақылауда ұстау, зардаптарды жоюға ғана емес, сонымен қатар сумен тәуелсіз қамтамасыз етуге әрқашан дайын болу қажет экологиялық, санитариялық қызметтердің, жергілікті органдардың жұмысын күшейту.

Үшіншіден, судың сапасын бақылау үшін оны алудың мерзімділігін арттыру.

Төртіншіден, мүмкіндігінше қысқа мерзімде құрғақ батыс өңірлерде, атап айтқанда, Көкжиде жерасты суларының кен орындарында сумен жабдықтаудың баламалы көздерін пайдалануға беру қажет.

Менің ойымша, бұл мәселелер Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қойған міндеттерді ескере отырып, кеше Атырау облысына жұмыс сапары барысында осы өңірді таза сумен қамтамасыз ету мәселелері туралы айтқан кезде жедел, мұқият пысықтауды талап етеді.

Сонымен қатар, мынадай сұрақтарға жауап беруді сұраймыз:

Ресей аумағында болған апатқа байланысты тұрғындарымызды қорғау үшін қандай шаралар қабылдануда? Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шекаралас мемлекеттердің іс-қимылдарын үйлестіру қалай жүзеге асырылады?

Неліктен қазақстандық тарап болған апат туралы хабардар етілмеді?

Жауаптарды заңда белгіленген мерзімде жазбаша нысанда беруді сұраймыз.

Құрметпен, депутаттар,

«AMANAT» партиясы

фракциясының мүшелері  Д.Тұрғанов, С.Нақпаев, Н.Ожаев

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық

партиясы фракциясының мүшесі Ерубаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button