Жарнама
Жаңалықтар

Депутаттар журналист мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынды


Сенаторлар Нұртөре Жүсіп, Ғұмар Дүйсембаев, Дана Нұржігіт және Айгүл Қапбарова бүгін Парламент Сенатының пленарлық мәжілісінде Премьер-Министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады
, — деп хабарлайды atr.kz

Депутаттар журналистерге сот, прокуратура, ішкі істер, адвокат, нотариус сияқты нақты мәртебе беретін кез келді деп санайды.
«БАҚ-тың ықпалынсыз қоғамды демократияландыру мүмкін емес. Сондықтан журналистерді арнайы әлеуметтік мәртебе арқылы қолдауды ұсынамыз. Ол үшін «Журналист мәртебесі туралы» арнайы заң қабылдау қажет деп ойлаймыз», – деді депутат Нұртөре Жүсіп.

Eске сала кетейік, бұған дейін облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы журналистердің мәртебесі жөнінде мәселені жергілікті Бас редакторлар клубының күн тәртібіне шығарып, осы тақырыпта бірнеше рет мақалалар жариялап, соның нәтижесінде тиісті инстанциялардың құлағына жеткізу үшін Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаевтың атына арнайы хат жазған болатын. Соған байланысты, жан-жақты мағлұматтарды зерттеп-зерделегеннен кейін сенатор, газет жанашыры Ғұмар Ислямұлы редакция сауалына орай мәселе ескерусіз қалмайтынын айтып, ресми түрде жауап жолдаған. Сол ұсынысқа сәйкес, сенаторлар бұл ұсынысты орынды деп тауып, Үкіметтің басшысының атына депутаттық сауал жолдап отыр.
Ең бастысы, сең қозғалды. Редакция көтерген мәселе оң шешім табады деген сенімдеміз.
Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button