Депутаттар Атырау мұнай өңдеу зауытының тыныс-тіршілігімен танысты
Қонақтар зауыт аумағын аралаған кезде АМӨЗ бас директоры Ш.Данбай кәсіпорынның ағымдағы өндірістік көрсеткіштері туралы айтты. Мәселен, маусымда жоспар бойынша 467 мың тонна мұнай өңделсе, шілдеде бұл көрсеткішті 485 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. Айта кетейік, АМӨЗ тәулігіне 4600 тонна бензин, 5200 тонна дизель отынын өндіреді.
⭕Депутаттар TAZALYQ жобасына кіретін жабық типтегі жаңа механикалық тазарту құрылыстарының (МТҚ) құрылыс алаңына барды. Биыл төрт технологиялық блоктың екеуін аяқтау жоспарлануда. Құрылыстың қалған бөлігі 2022 жылы аяқталмақ.
⚪Сонымен қатар, депутаттар TAZALYQ жобасының тағы бір бөлігі – «Сасық сай» булану алқабын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Олар Атыраудың ең үлкен экологиялық мәселесін зауыт басшылығы мерзімінен кешіктірмей шешіп жатқанына көз жеткізді.
🔷Сонымен бірге, зауыттың бас директоры Ш.Данбай зауытта қоқысты бөлек жинауға арналған экологиялық жоба жөнінде де айтты. Кәсіпорын аумағында қағаз, шыны мен пластикке арналған ондаған түрлі-түсті контейнерлер орнатылған. Бұл қоқысты одан әрі кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін қажет.
🔴Кәсіпорында қоқысты кәдеге жаратудың мультипликативті әсері бар. Яғни, бірте-бірте қызметкерлер бұл мәдениетті өз отбасы мен айналасына да алып келеді. Халық қалаулылары осыны қаперге берді.
🔶Сапар соңында депутаттар АМӨЗ басшылығына ұтымды ұйымдастырылған кездесу үшін алғыстарын айтты.