Индер ауданында 192 отбасыға пәтер берілді

4d709a9d bb80 47fe 943e c7b7013d209e Жаңалықтар

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Индербор кенті, Көктем шағын ауданында төрт 48 пәтерлік тұрғын үйді тұрғындарға табыстау салтанаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев сөз сөйлеп, пәтер иелерін қоныс тойымен құттықтап, кілттерді табыстады.

c47a0b06 f316 4c13 93ad 2d3241e65d0d

Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үй 192 отбасыға беріліп отыр. Оның ішінде 106 көп балалы отбасыға, 69 халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына, 17 ата-ана қамқорлығыңсыз қалған балаларға табысталды.

50c57f24 32f3 4016 b043 0c8c7783bab5

Айта кетейік, Индер ауданында 32 мыңнан астам халық болса, Индербор кентінде 19 мыңнан астам тұрғын бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз