Департаментке жаңа басшы тағайындалды
Бүгін, 22 тамызда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Атырау облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымына Самат Емберген тағайындалды.
Департамент ішкі сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларында реттеушілік, іске асырушылық, бақылау функцияларын жүзеге асырады.
Самат Жұмабайұлы 1979 жылы 18 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тарих, құқықтану мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Атырау қаласы, Кеңөзек орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2005 жылы Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2009 жылы Атырау қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық, төтенше жағдай және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің бас маманы, 2017-2018 жылдары Атырау қаласы, Балықшы ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2018-2019 жылдары Атырау қаласы әкімі аппараты ақпараттық техналогиялар және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы, 2019-2020 жылдары Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2020-2022 жылдары Атырау қаласы әкімнің орынбасары, 2022 жылдан күні бүгінге дейін Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарды.
Алмас ҚАБДОЛОВ