Демократиялық күштердің «Қазақстан – 2050» Атырау облыстық коалициясы Үндеу жариялады
Atr.kz/19 маусым, 2019 жыл. Еліміздегі саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері бас қосқан отырыста коалиция мүшелері барлық қазақстандықтарды ынтымақ, бірлік туы астында топтасуға шақырды.
«Біз Қазақстан Президентінің ел дамуының өзекті мәселелеріне қатысты билік пен азаматтық қоғам арасында тұрақты және конструктивті диалог құру бастамасын қолдаймыз.
Біз жалпыұлттық диалог және өзара қарым-қатынас институты ретінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына қатысуға дайынбыз.
Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген еліміздің дамуына қатысты басымдықтар мен жаңа міндеттерге сөзімізбен де, ісімізбен де қолдау көрсетуге және Елбасының Тәуелсіздікті күшейтуге, елді жүйелі жаңғыртуға, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатын бірлесіп жалғастыруға ниеттіміз.
Біз тек бірлігімізбен қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізіп, ортақ Отанымыз бен еліміздің барша азаматтарының игілігі мен гүлденуін қамтамасыз етеміз» делінген Үндеуде.
Еске сала кетелік, аталмыш коалиция құрамында «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы, «Ақ жол» Демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалы, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы Атырау облыстық филиалы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Атырау облыстық филиалы, «Бірлік» саяси партиясы Атырау облыстық филиалы, «Атырау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Атырау облысы бойынша кәсіпкерлер және жұмыс берушілер Одағы», Атырау облыстық Ардагерлер кеңесі,«Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Атырау облыстық филиалы, «Қазақстан Жазушылар одағы» Атырау облыстық филиалы, Тұтынушылар Ұлттық Лигасы» РҚБ Атырау облысы бойынша өкілдігі, Атырау облысы бойынша Іскер әйелдер Қауымдастығы, «Ауған соғысы ардагерлері» ҮЕҰ Атырау облыстық Одағы, «Қазақстан-2050» Жалпұлттық қозғалысы Атырау өкілдігі, Атырау облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Тхоньил» кәріс этно-мәдени берлестігі, «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігі, «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігі, «Жас Отан» ЖҚ Атырау облыстық филиалы бар.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.