Демократиялық дамуға даңғыл жол ашылады

screenshot 16 5 Жаңалықтар

Сайлау учаскесіне ертемен келіп, дауыс берген сайлаушының бірі – Қазақстанның Еңбек Ері, «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының жетекшісі Владимир Розметов болды. Ол дауыс беруге отбасымен бірге келіпті.

screenshot 17 4

  –Өзім осыған дейін өткізіліп келген түрлі сайлаулардан қалып көрген емеспін. Алғаш рет сонау кеңес өкіметі дәуірінде Жоғарғы Кеңеске депутаттарды сайлауға қатысқаным есімде. Ол – 1984 жыл еді. Ал, бүгінгі өтіп жатқан Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауы – еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиға деп білемін. Өзіңізге белгілі, Ата Заңымызға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, мемлекет басшысы 7 жылға сайланады. Бұл – мерзім мемлекет тізгінін ұстаған азамат үшін өзінің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген айқын мақсаты мен негізгі жоспарын, елінің алдында берген уәдесін орындауға  берілетін жеткілікті уақыт. Әрі жеті жылдық мерзім жеке дара билік үстемдігіне жол бермейді, еліміз алға қарай демократиялық дамудың даңғыл жолына түседі деп сенемін. Сондықтан жаңашылдықты қалайтын еліміздің жанашыр азаматы ретінде мен бүгінгі сайлауды асыға күттім және қуана-қуана өз дауысымды бердім. Жерлестерімді де сайлауға белсене қатысуға шақырамын,- деп бізбен ойын бөлісті Владимир Федорович.

Ербол Қошақанов

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз