Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

«ДЕЛЬТА» штаммы жастар арасында тарала бастады

Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Егер бұрынғы штаммдарды жұқтырған науқастардың жас ерекшелірі орташа есеппен 40-50 жастан жоғары болса, «үнді» штаммы жас талғамайтын көрінеді.

— Бұл штаммның жұғу ықтималдығы 90%. Бір ерекшелігі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің де, орта жастағы азаматтардың да жұқтыру көрсеткіші өте үлкен. Қазірдің өзінде «үнді» штаммын жұқтырғандар арасында 18 жасқа дейінгі балалар кездесіп отыр. Бұл дертті ауыздықтаудың бірден-бір жолы – ұжымдық вакцина алу, – деді Қайсар Абдалиев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button