Исатай ауданында Хамит Ерғалиевтің 105 жылдығына орай рухани шара өтті

1 34 Жаңалықтар

Хамаңның өзі айтқандай, өзегі ақ  жалынға толы ақынның өр туындысын  ұрпақ санасына сіңіріп, сол арқылы кейінгі  толқынды  ғаламтордан əдебиетке, əлеуметтік желіден кітапқа баулу бағытындағы жұмыстар əр жыл сайын үздіксіз жүргізіліп отырса, ұлт тұлғалары ұмыт болмасы жəне солар салған ұлы көштің үзілмесі анық.

–  Тəуелсіздігіміздің  30 жылдығына  жəне  ақиық  ақын Х.Ерғалиевтің 105 жылдығына орай облыстың айтыс ақындары ауданымызда болды. «Ақындар келді  Нарынға»  деп  аталатын ақындардың Исатай ауданындағы күндері біздің ауылдан басталды.

Мұндай шаралардың əрмен қарай жалғасатынына сенімдімін.  Əр жыл сайын ақынның туған күніне орайластырып, ұрпақтарымен кездесу өткізу дағдыға айналған. Соңғы жылдары ғана пандемияға байланысты ол жұмыстарды онлайн түрде жүзеге асырып келеміз. Ауылдық мəдениет үйі мен музей қызметкерлері бірлесіп ақын өлеңдерін оқудан  сайыстар мен мүшəйралар өткізіп тұрамыз, – дейді  ауылдық кітапхананың меңгерушісі Айгүл Ахатова.

img 20210825 wa0031

Облыстағы айтыскер ақындардың қасиетті де киелі Нарын төрінде бас қосуы тұтастай алғанда Исатай ауданы жұртшылығы үшін үлкен мақтаныш,  мерей  болды.  Осы тұрғыда олар өздерінің жылы лебіз-пікірлерін де білдірді. Айтыстан бөлек, жергілікті қаламгерлердің шығармаларынан  көркемсөз оқудан сайыс өткізіліп, соңы жазба ақындардың мүшəйрасына ұласты.


Шара кітапхананың тұрақты оқырманы, Хамит Ерғалиевтің ұрпағы Сəния Хамзиқызы мəнерлеп оқыған ақынның «Өзегім толы ақ жалын» атты жырымен түйінделді. Ауданға келген қонақтардың атынан атыраулық ақын Арман Жайықбаев пен қызылқоғалық айтыскер ақын Шалқарбай Ізбасаров жүрекжарды ризашылықтарын арнады.


Дəулетқали АРУЕВ
Исатай ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз