Жарнама
Жаңалықтар

Декларацияны уақытылы тапсырмағандарға әкімшілік шара қолданылады

Бұған дейін хабарланғанындай, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізіліп, содан бері ол кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеттері: әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру; жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру; сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.

Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «кіру» декларациясын мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары – 20 мың адам табыс етті. Екінші кезеңде, 2023 жылы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары – 70 мыңның үстінде адам қамтылды. Биыл облыста 73 мың заңды тұлғаның басшылары, құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер, олардың жұбайлары декларация тапсыруы қажет болатын. Осы жұмыс та мәресіне жетті.
Бұл туралы баяндаған Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Гүлмира Орынбаеваның айтуынша, осы жылдың басынан бері департамент мамандары тарапынан 7 540-тан астам түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нақтылай кетсек, мұнда салық төлеушілермен кездесу, телеарнарналарда жүгіртпе жол арқылы берілген хабарландыру, әлеуметтік желі сайттарына шығу, ақпараттық тақта, билборд, LED-экрандағы жарнама, мемлекеттік органдарға хат жолдау, т.б. атауға болар еді.
Соңғы мәліметтер бойынша кірістер мен мүліктер туралы декларациясын тапсыру міндеттілігі туындаған 105 мыңның үстінде мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері және олардың жұбайлары табыс ету қажет болса, оның 95 мыңы тапсырған. Ал, 10 мың адам декларация тапсырмаған. Көрсетілген мерзімде декларация тапсырмағандарға салық есептілігін табыс етілмегендігі туралы хабарламалар жолданды. Хабарламаның орындалу мерзімі Салық кодексінің 115-бабына сәйкес 30 жұмыс күні деп белгіленген.
Декларацияны уақытында табыс етпеген заңды және жеке тұлғаларға республика Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 272-бабының 1-2 тармақтарына сәйкес, әкімшілік жазалау шаралары қолданылады.

Дәулетқали АРУЕВ

Сурет: kursiv.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button