ДДҰ жаңа пандемия туралы ескертті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері адамзатқа COVID-тен де қауіпті жаңа пандемия қаупі бар екенін болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 мамырда Женевада өткен жыл сайынғы ассамблеяда ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейюс жаңа пандемия қаупін жоққа шығаруға болмайтынын айтты.
«Ауру мен өлімнің жаңа ошақтарына әкелуі мүмкін [COVID] вирусының басқа да нұсқасы пайда болмасына кім кепіл. Сондай-ақ одан да өлім қаупі бар жаңа патогеннің пайда болу қаупі бар», — деді ұйымның бас директоры.
Тедрос Гебрейюс бүкіл әлемді болашақта қауіпке қарсы тұруға дайын болуға шақырды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ДДҰ 5 мамырда 2020 жылдан бері күшіне енген жаһандық коронавирустық пандемия мәртебесін жою туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде пандемия 1150 күнге созылды.