Жарнама
Жаңалықтар

ДАУЫС БЕРУГЕ БАРАМЫЗ

Азаматтық парыздың не екенін көрсету үшін сайлау учаскесіне ұлыммен бірге келдім. Георгийдің жасы тоғызда болса да, әкесінің іс-әрекеті арқылы біздің мемлекет алдында жауапты екенімізді, сол үшін дауыс беретінімізді түсінетіні анық.

Халықтың сайлауға белсенді қатысып жатқанын байқадым және мен дауыс берген №46 сайлау учаскесіндегі залдың бос тұрғанын көрмедім. Сайлаушылар жасы да әртүрлі. Кезекте тұрып, күтіп жатқандар жоқ болғанымен, белсенділік бар.

Бәлкім, бүгінгі ауа-райының жаңбырлы болуы себепті де, күн ашылған соң, көтеріңкі көңіл-күймен келетіндер де көбейетін шығар.

Еліміздің басты тақырыбы – кезектен тыс президенттік сайлауға оралсақ. Әрине, бүгін тарихи күн: біз мемлекет басшысын сайлап жатырмыз. Біз үшін бүгін және әрқашан ең маңыздысы не? Тұрақтылық, бейбітшілік және даму. Бүгін ұлым екеуміздің таңдауымыз осы болды.

Еліміз аман болсын, халқымыз тыныш болсын!

Андрей КОРАБЛЕВ

«Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button