Жарнама
Жаңалықтар

Дауыс беру жүріп жатыр

Бүгін, ел көлемінде өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен сайлауын өткізу іс-шараларына Атырау облысында 270 сайлау комиссиясы кірісті. Оның 261-і учаскелік, 9-ы аумақтық.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, облыста 1966 комиссия мүшесі жұмыс істейді.

«261 сайлау учаскесінің 11-і жабық. Оның 9-ы денсаулық сақтау нысандарында, тағы біреуі әскери бөлімде, енді біреуі уақытша ұстау изоляторында», — деді ол.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де басталып, кешкі сағат 8-ге дейін жалғасады. Облысқа қатысты атап өтер ерекшеліктің бірі, Атырау қаласындағы №5546 әскери бөлімінде орналасқан №75 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы 6.00-де басталды.

 
Надежда ШИЛЬМАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button