Дауылды ескерту: Қызылқоғада су басу қаупі туындауда
ТЖД Қызылқоға ауданының тұрғындарын дауылды ескерту туралы хабардар етеді.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша 15 мен 17 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алқаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Сондай-ақ, елді мекендерді су басу қаупі туындауда.
Осыған байланысты Атырау облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдармен алдын алу бойынша қажетті барлық шаралар атқарылуда.
«Құрметті Қызылқоға ауданының тұрғындары!
Ықтимал су тасқыны (су басу) туралы болжам алынған кезде халықты сиреналардың көмегімен, радио және телевизиялық хабар тарату желісі арқылы және басқа да ықтимал құралдармен хабардар ету жүзеге асырылады. Тек ресми ақпараттарға сенгендеріңіз жөн.
Су тасқыны (су басу) қаупі туралы ескерту алғаннан кейін бұл туралы жақындарыңызға, көршілеріңізге хабарлаңыз, балаларға, әйелдерге, қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз.
Сондай ақ жағдай күрделенген жағдайда алдын ала дайын болуға кеңес береміз.
1. Барлық ірі және құнды заттарды шатырға апарыңыз немесе басқа қауіпсіз жерге қойыңыз.
2. Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз, пештердегі отты сөндіріңіз.
3. Жертөлелерден барлық азық-түлік қорларын алып тастаңыз.
4. Терезелер мен есіктерді жабыңыз.
5. құжаттар мен бағалы заттар салынған сөмкені (рюкзак) қолжетімді жерге қойыңыз.
Құрметті Қызылқоға ауданының тұрғындары дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз!
Су тасқыны, су басу қаупі анықталған барлық жағдайларда құтқару қызметтеріне — 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз», — деп мәлімдеді Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.