Жарнама
Жаңалықтар

Дауылдан зардап шеккендерге көмек көрсетілетін болды

  Атырау облысы Индербор ауылындағы 20 маусым күнгі дауылдан зардап шеккен үйлерді жөндеу үшін сақтық қорынан қаржы бөлінеді деп хабарлады kazinform.

  Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясын күтудің қажеті жоқ. ТЖ сақтық қорынан қаржы бөлінуі үшін тездетіп өтініш жазуларыңыз керек. Күзге дейін, келесі сессияға өтініш жазғанша халық шатырсыз үйде отыра алмайды. Заң бойынша, ТЖ салдарын жою үшін облыстық ТЖ сақтық қорынан ақша алуға болады». Индер ауданына келіп, баспаналарына залал келген тұрғындармен жүздескен аймақ әкімі Нұрлан Ноғаев осылай деді. Айта кетейік, 20 маусым күні Атырау облысы Индер ауданы Индербор ауылында жылдамдығы 25 м/с-ға жеткен қатты жел бірнеше үйдің шатырын қиратып кетті. 11 құрылысқа жалпы сомасы 35 млн. теңге болатын залал келген.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button