Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Дауыс беру басталады

28 қазанда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді.

20161030105616

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашев БАҚ өкілдеріне алдағы сайлауға дайындық  жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, облыстық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша №11, №15 және №21 сайлау округтері және жеті ауданда аудандық мәслихаттардың  депутаттарын сайлау бойынша 13 аудандық сайлау округінде сайлау өткізілуі тиіс.  Сонымен, облыстық мәслихат депутатын сайлау бойынша 3 облыстық сайлау округіне – 9 кандидат, аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша 13 аудандық сайлау округіне – 39 кандидат ұсынылған.

Осыған орай ұсынылған барлық 48 кандидат 2 қазанға дейінгі мерзімде тіркелді. Үміткерлердің сегізі әйелдер.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалынан облыстық мәслихаттың депутатығына үш үміткер ұсынылды. Облыстық, аудандық мәслихаттар депутаттығына тіркелген 48 кандидаттың бесеуі 30 жасқа толмағандар, 18-і – 45, 11-і – 55, 12-сі – 60-қа дейінгілер, екеуінің жасы 60-тан жоғары.

Облыстық, аудандық мәслихаттар  депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар мен олардың сенімді өкілдеріне тиісті куәліктер берілген, үміткерлердің сайлаушылармен кездесу кестесі жасақталған. Сайлау алдындағы үгіт жұмыстары  басталды, заңға сәйкес 26 қазанда сағат 24.00-де аяқталады.  Дауыс беру күні мен уақыты – биылғы жылдың 28 қазанында, сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген.

Бақытжан ЖҰМАТ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button