
ЖаңалықтарСаясат
Дәурен Абаев Президент Әкімшілігіне барды
Аtr.kz/4 мамыр, 2020 жыл. Дәурен Абаев ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын», — делінген Ақорда сайтында жарияланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды.