Жарнама
Жаңалықтар

ДӘУЛЕТКЕ САЙ СӘУЛЕТ

Екі Мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық отырыс өтетін Салтанат сарайы ғимараты 99%-ға дайын. Бүгінгі күні тек жиһаздарды орналастыру, түрлі ішкі сән элементтерін аяқтау мен отырыс өтетін залдағы дыбысты жөндеу жұмыстарын аяқтау қалды. Бұл жерге түрлі мониторлар, билбордтар мен екі ел тулары орналастырылатын болады», — деді Е.Жаңатаев.

Оның айтуынша, Салтанат сарайы ғимаратының аумағын абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын, ағаштар мен шыршалар отырғызылып, ғимарат айналасында көк шөп төселген. Ғимараттың жалпы аумағы – 6 мың шаршы метр. Сонымен қатар, онда 300 орындық мейрамхана да жұмыс істейді. Болашақта форум өткеннен кейін ғимарат «Неке қию сарайы» ретінде жұмыс істейтін болады.

«2014 жылдың қаңтарында нысанның құжаттары жасақталып, 17 ақпан күні нақты құрылысы басталды. Қазіргі уақытта құрылыс толықтай аяқталды. Ол жеті ай уақыт бойы тоқтаусыз жүргізілді. Ішкі жұмыстар бойынша құрылыс материалдары Алматы, Ақтөбе, Орал, Жамбылдан тасып, әкелінді. Ішкі құрылыс жұмыстарын алматылық фирма жүргізді. Құрылысқа қатысқан 17 қосалқы компания бүгінгі күнге дейін осында еңбектеніп жатыр. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары аяқтала келді. Жобалаушы — Орал қаласының «Қазжобалау» компаниясы. Ішкі өзгерістерді қазіргі заманға сай қайта жасап жатырмыз», — деді мердігер компания директорының құрылыс өндірісі бойынша орынбасары Жалғас Әпенов. Оның айтуынша, құрылысқа 350-ге жуық адам тартылған. Қазіргі уақытта мұнда 150 адам еңбектенуде. Нысандағы қалған жұмыстар 25 қыркүйекке дейін толық аяқталып, қолданысқа берілмек.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласында 29-30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің қатысуымен Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XIфорумы өтеді. Оған қатысатын делегациялар саны 80-100-ге жуық болса, Іскерлік кеңестің отырысы мен көрмені қоса алғанда жалпы 300-400-ге жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Олар – үкімет басшылары, министрліктер мен ведомстволар, өнеркәсіп кәсіпорындарының және қаржылық құрылымдардың басшылары, ғылым саласындағы қайраткерлер, мұнай-газ саласының сарапшылары, шетелдік, республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Форум барысында екі ел Мемлекет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс, төрт тақырып бойынша көрме, іскерлік кеңес пен жастар форумы өтпек.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА.

BNews.kz тілшісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button