ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР «EXPO-2017» КӨРМЕСІН ТАНЫСТЫРМАҚ
Бұл туралы Қазақстандағы жобаның ұлттық үйлестірушісі Зәуре Увалиева мәлімдеді. Оның айтуынша, «SAGE» білім бағдарламасының маусымдағы кезеңінде оқушылар өз жобаларын қаржылық себептерге орай қорғай алмаған екен. Дегенмен, бұл жөнінде ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін, ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов өз қаражатымен қолдау білдірді.
Нәтижесінде шілде айында аталмыш бағдарламаның ақтық кезеңі өтті. Екі аталым бойынша қос жеңімпаз анықталды. «Әлеуметтік жауапты кәсіп» номинациясы бойынша Атырау командасы жеңіске жетті. Атыраулық төрт оқушы құс шаруашылығы жобасын таныстырды.
Енді жеңімпаз командалар Сеулге аттанады. Басты ұйымдастырушы мен ақпараттық қолдаушы – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.