Дәріханалар сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейтін болды
Atr.kz / 9 шілде, 2020 жыл. Атырауда коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб тұрғындар ұсынысын ескерусіз қалдырмайды.
Облыс әкім Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, өңірлік жедел штабқа 3 тәулік ішінде көптеген ұсыныс пен сұрақ түскен.
«Штабқа түскен сауалдарға облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысы негізінде жауаптар берілді. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар негізінде қаулыға тиісті өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде дәріханалардың жұмыс кестесі алғашқы күндері кешкі сағат 18.00-ге дейін болса, қазір сағат 22.00-ге дейін ұзартылды. Ал, букмекерлік кеңселер мен кальян барлардың жұмысына тыйым салынды. Тұрғын үйлер маңында орналасқан шағын азық-түлік дүкендеріне жұмыс жасауға рұқсат етілді» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 278 медицина маманы жетіспейтінін жазған едік.
«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»