Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам

Коронавирустан емделіп шыққан Илья Жақанов дәрігерлердің еңбегіне бас иетінін айтты

Atr.kz/20 шілде, 2020 жыл. Күллі әлемді құрсаулаған коронавирус індеті қазақ даласын да сырт айналып өтпеді. Небір жақсылар мен жайсаңдар осынау дерттің қармағына ілініп, бақиға аттануда. Хал үстінде ауруханаға түсіп, дәрігерлердің дер кезінде жасаған емдері шипа болып, аман-есен отбасына оралып жатқандар да бар. Солардың бірі – Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері, композитор, музыкатанушы, жазушы Илья Жақанов ағамыз. Елге белгілі тұлғаның сырқаттанып қалғанын естіген едік. Халықтың сүйікті перзенті, сегіз қырлы, бір сырлы абыздың аман-есен сауығып, аурухана палатасынан өз шаңырағына оралған сәтінде «Атырау» газетінің тілшісі онымен алғашқы болып тілдесті. Ағаның өз аузымен айтылған әңгімесін оқырмандарға жеткізуді жөн көрдік.

– Илья аға, сырқаттанып қалғаныңызды естіп, ол кезде де телефонмен байланысып отырған болатынбыз. Міне, «ауырып тұрдым – аунап тұрдым» дегендей, отбасына есен-сау оралған екенсіздер. Бұл сырқатты қалай, қайдан жұқтырып алдыңыз? Әлде сақтану шараларын қолданбадыңыздар ма?

– Ескіден келе жатқан мынадай бір тәмсіл бар. Бір кісі өлшеулі ғұмыры бітіп, жалған дүниеден бақиға аттаныпты. Сөйтіп, Жаратушы Иенің алдына барады. Сонда амал дәптерін ашып қараса, жолы болып, бағы дәуірлеп тұрған кезінде өзі жүрген іздің жанында тағы бір адамның ізі қатарласа түсіпті дейді. «Бұл кімнің ізі екен?» дегенше болмай, Жаратқан Алла: «Пендемнің жанында үнемі мен қатар жүріп отырамын. Жаныңдағы – менің ізім» депті деседі. А л , б і р к е з д е ә л г і а д а м н ы ң қ и ы н д ы қ қ а , тағдыр тауқыметін көрген шақтарына да кезек жетіпті. Сонда қараса, тек жалғыз із ғана қалыпты. «Жаратушым! Менің бақытты сәттерімде ғ а н а ж а н ы м д а б о л ы п , қиналған сәттерде жалғыз ө з і м д і қ а л д ы р ғ а н ы ң ы з не?» деп сұрайды әлгі кісі дегбірсізденіп. Сонда: «Ей, п е н д е м ! С е н қ и н а л ғ а н кезіңде менің алақанымда жүргенсің. Анау жалғыз із – менің ізім» депті Жаратушы. Сол сияқты біз де қатты ауырып, Алла Тағаланың алақанында жатқан шақтар бастан өтті. М е м л е к е т б а с ш ы с ы төтенше жағдай жариялап, карантиндік шектеул е р е н г і з і л г е н к ү н н е н бастап, сақтық шараларын қолдандық. Алайда, көзге көрінбейтін вирус ауада тым жылдам таралады екен. Оған көзіміз жетті.

– Басқаларға да сабақ болсын, вирус жұқтырған кездегі алғашқы белгілер қандай болды? Ауруханаға қалай түстіңіздер?

– Ж ұ б а й ы м Т и ы ш Әлтайқызы екеуіміз басында мән бере қоймадық. Өйткені, ешкіммен араласпай, бетп е р д е к и і п , қ о л ғ а п п е н шығып жүрдік азық-түлік, дәрі-дәрмек алу үшін. Әуелі тамаққа тәбетіміз болмады. Басымыз солқылдап ауырып, жөтеле бастадық. Жөтелмен бірге ентікпе пайда болды. Ыстығымыз көтерілді. Зілмәндай жүк көтеріп тұрғандай, орнымыздан тұра алмай қалдық. С ө й т і п , ж е д е л ж ә р д е м шақырып, ауруханаға түстік. Дәрігерлердің алдына жеткен кезде жағдайымыз өте қиын еді. Ес-түссіз, өте қиын халде ақжелеңді абзал жандардың қарауына келдік. Олар бізді ата-анамыздай мәпеледі. Алғашында, шынымен, өте ауыр болды. Ақ халатты абзал жандардың дұрыс қойған диагнозы, қолданған дәрілерінің арқасында ғана бетіміз бері қарады. Атырау облыстық №2 аурухананың бас дәрігеріне, орынбасарларына, барлық дәрігерлерге, медбикелерге, меджігіттерге, аурухананың барша қызметкерлеріне шын жүрегімізден алғысымызды арнаймыз.

– Ауруханада науқастар үшін жағдай жасалған ба? Дәрі-дәрмек жеткілікті деп ойлайсыз ба? Дәрігерлер, медбикелердің эпидемия кезіндегі жұмысы қандай дәрежеде?

– А й т а т ы н ы ж о қ , инфекционист-дәрігерлердің қызметі өте ауыр дер едім. Бүкіл медицина қызметкерлері, дәрігерлер, медбикелер мен тазалықшылар обаға қарсы киімді киіп, тұмшаланып алған. Сондай қолайсыз киіммен бірнеше сағат бойына жұмыс жасау оңай ма? Соған қарамастан, науқас жандардың жанынан табылып, екпелерін егіп, дәрілерін дер кезінде беріп, аузымызға сусын тамызып, қамқорлаған жандарға мың тағзым! Д е р т і ж а н ы н а б а т ы п ыңқылдаған, ыңырсыған сырқаттарға қарлығаштың қанатымен су сепкендей, мейірім мен жан жылуын төгіп, жұқпалы дерттің қатерлі екенін біле тұра, сондай қауіптің ортасында жүрген а қ ж е л е ң д і д ә р і г е р л е р г е қандай құрмет көрсетілсе де артық етпейді. Күні-түні аса қауіпті вирус ошағында, науқастардың жанында болу үшін жүрек керек. Кейде медицина қызметкерлерінің с о н ш а м а ұ м т ы л ғ а н ы н а қарамастан қайтыс болып кетіп жатқан адамдарды көргенде жүрек қарс айырылады. Мен өз көзіммен дәрігерлердің адам өміріне араша түсіп, жанталасқан сәттерінің куәсі болдым. Сондықтан, оларға ақ басымды иемін! Жер тұрғанша тұрсын! Бар жақсылыққа ие болсын! Алла қолдасын!

– Ауруханада жатқан кезіңізде жергілікті ресми билік өкілдерінің бірнеше рет сырқат жандардың хал-жағдайымен танысу үшін ауруханаға барғанын баспасөз бетіне беріп едіңіз…

– Иә, дертіміз асқынып, өмір мен өлімнің ортасында жатқан кезде кім жылы сөз айтып, жаныңа келсе, с о л а д а м ұ м ы т ы л м а й д ы екен. Соның бірі – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов. Бірнеше рет ауруханаға келіп, ауырып жатқан адамдармен сөйлесіп, науқастардың жағдайымен танысқан әкім ініміздің адамгершілігіне т ә н т і б о л ғ а н ы м ы з р а с . Дәрі-дәрмектің дер кезінде жеткізілуі, аурухананың сырқаттарға керекті аппараттармен қамтамасыз етілуі туралы үнемі хабардар болып отырды. Осындай қиын кезде бұқара халықпен жақын болып, басына қиындық түскен жандармен қайғыны бөлісе білу – парасаттылық. Сонымен қатар, облыс әкімінің о р ы н б а с а р ы Б а қ ы т г ү л Хаменова да ауруханаға келіп, жағдайды біліп тұрды. Оларға алғысымыз шексіз. Үйге шыққаннан кейін де телефон шалып, жағдайымызға алаңдап отыр. Алланың нұры жаусын!

– Қазір жағдайларыңыз қалай? Дәрігерлер хабарласып тұрадыма? Жұртшылыққа не айтасыз?

– М е д и ц и н а т і л і м е н а й т қ а н д а , ж а ғ д а й ы м ы з б і р қ а л ы п т ы , т ұ р а қ т ы . Отбасымызға оралғанымызға қуанып жатырмыз. Үйден дәрігерлердің айтқан емін жасаудамыз. Учаскелік дәрігерлер келіп, қызуымызды өлшеп, күнделікті нұсқауларын беріп отыр. Қайталап айтамын, жұқпалы ауру ошағында жүрген №2 аурухананың бас дәрігеріне, орынбасарлары мен дәрігерлерге, орта буын медицина қызметкерлеріне, тазалықшыларға, бәріне разымыз. Ауруханада жұмыс ж а қ с ы ж о л ғ а қ о й ы л ғ а н . Талап қатаң.

Қара ормандай халқыма айтарым, карантиндік шектеулерді орындаңыздар. Жеке бас гигиенасын сақтау керек. Дәрігерлер айтқан талапты қадағалап отырыңыздар. Той, садақа дегенді ұмытуға тура келеді. Қынадай қырылып қалмау үшін Мемлекет басшысының айтқанын орындап, өзімізді өзіміз сақтайық!

Сұхбаттасқан: Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button