Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қызылқоға ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады (ФОТО)

WhatsApp Image 2018 01 25 at 16.59.47 e1516885736193 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Миялы селосына барып, Қызылқоға ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты,-деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-01-25 at 16.59.47

Қызылқоға ауданы ауыл шаруашылығы саласының дамуы бойынша көш бастап келеді. Қазір ауданда 5 ауылшаруашылығы кооперативі бар. Ол агроөнеркәсіптік кешеннің қарқынды дамуына оң ықпал етіп отыр. Мысалы, өндірістің барлық стандарттары бойынша жабдықталған мал сою орны жұмыс істейді.  Ауыл тұрғындары бұл жерде малды сойып қана қоймай,  сата да алады.

«Біз ауыл шаруашылығы кооперативін құрдық. Басында 28  адам мүше болған, қазір оның саны 125-ке жетті. Жеңілдікпен несие алдық, оның пайызының жартысын мемлекет төлейді. Мәселен, 100  қатысушы 362  млн. теңге несие алды. Нәтижесінде, цех салдық. Мұнда кооператив мүшелері ғана емес, басқа ауыл адамдары да малдарын әкеледі»,-дейді ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Айжан Ізімова.

WhatsApp Image 2018-01-25 at 16.59.49

Ал, денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда 50 орындық аурухана, 9  дәрігерлік амбулатория, 6  медициналық бөлімше бар. Өткен жылы 140 мың адамға медициналық көмек көрсетілген.

Ауданның мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы 1-6  жас аралығындағы балаларда 75%, 3-6  жаста балдырғандар толық қамтамасыз етілген.

Қызылқоғалық мектеп оқушылары облыстық, республикалық пән олимпиадаларында жүлдегер атанып жүр. Барлық оқу орындары интернетпен,  мультимедиялық сыныптармен қамтылған. Яғни, 65 түрлендірілген кабинет жасақталып, 85  мультимедиалық тақта алыныпты. Апатты жағдайда тұрған мектеп жоқ.

Сондай-ақ, Қызылқоға ауданында қосымша 100, 290  орындық екі балабақша мен 424  орындық орта мектеп құрылысы жүріп жатыр.

WhatsApp Image 2018-01-25 at 17.00.48

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қызылқоға ауданына жұмыс сапары барысында Нұр Отан партиясы аудандық филиалында азаматтарды қабылдады.

Аудан әкімінің халыққа есеп беру жиынына қатысып, ауыл шаруашылығы мен ветеринария саласына қатысты көшпелі мәжіліс өткізді.

WhatsApp Image 2018-01-25 at 17.00.45

WhatsApp Image 2018-01-25 at 17.00.37

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз