Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарСарапTime

ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

Atr.kz/20 қазан, 2020 жыл.Дәрі-дәрмек сақтау қоймаларары қажетті препараттарға толы болуы қажет. Бұл өткен күндердегі олқылықтардың алдын ала-ды. Ал, Атыраудағы емханалардың дәрі-дәрмек сақтау қоймаларының қазіргі жағдайы қалай? Науқастар үшін қанша қор жасақталған? Осы мақсатта «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арнайы орындарға мониторинг ұйымдастырып, бақылау жүргізді.

Әттеген-ай!..

Топ құрамында Атырау қалалық мәслихатының депутаттары Қаршыға Жауымбаев, Гүлзейнеп Дүсіпова да болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, коронавирус инфекциясына қарсы препараттардың қоры облыстың медициналық мекемелерінде жеткілікті. Жеке қорғаныш құралдары апта сайын үздіксіз жеткізіліп тұр. Коронавирус ин-фекциясымен ауырып жатқан науқастар үшін амикацин, азитромицин, натрий гепарині, дексаметазон, дексамедетоми-дин, басқа да антибиотиктердің бірнеше түрі толық жеткілікті.

Алайда, мониторингтік топтың мүшелері Атырау қалалық No3 емханасындағы жағдайға көңілдері көншіген жоқ. Олар ғимараттың кіреберісінен-ақ медициналық бетперденің болмауын сынға алды. Есік алдындағы жауапты қызметкер бетперденің қазір ғана таусылып қалғанын айтып әлек. Ал, дәрі-дәрмек сақтау қоймасында біраз түсініспеушілік туындады. 4900 пациентті қамтитын емхана үшін қордағы дәрі-дәрмектің кейбірінің саны жеткіліксіз екен.

Мәселен, мамандардың айтуынша, «Ксарелто» таблеткасы мен «Дексаметазонның» шамамен екі айға жеткілікті мөлшері 5000 дана бо-луы қажет. Мұндағы қоймада аталған дәрілердің небәрі 10 дана қорабы бар. Аталған емхананың директоры Айман Өтегенова қалған дәрі-дәрмек бірінші қабаттағы дәріханада барын айтты. Бірақ, топ мүшелері бұл жауапқа қанағаттанбай, қоймадағы қажетті дәрі-дәрмектің қорын әлі де толықтыру қажеттігін алға тартты.

Екі айлық қор

Тексеру жұмыстары одан әрі Геолог емханасындағы қоймада жалғасты. Мұндағы қор облыстағы барлық денсаулық сақтау мекемелері үшін жасақталған. Қауіпті індетке қарсы күресте қолданылатын дәрі-дәрмектер қоры тізімге сәйкес жеткілікті болды.

– Демеушілік көмекпен облысқа 251,2 млн. теңгеге 9 түрлі дәрілік заттар жеткізілген және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға алынған медициналық препараттар Геолог емханасының дәрі-дәрмек сақтау қоймасында сақтаулы. Қазір мұнда екі айлық қор бар. Егер эпидемиологиялық ахуал ушығып, дәрі-дәрмек тапшылығы туындаса, қажетті препаратқа міндетті түрде тапсырыс беріледі. Процесс ұзаққа созылмай-ды. Сұраныстың тиісті мөлшері тап-сырыс берілген соң бір күннен кейін облысқа жеткізіледі, — деді емхананың бас есепшісі Нұржан Жаңбырбаев.

Мониторингтік бақылау бары-сында бірқатар мекемеде ғимараттың кіреберісінде немесе дәлізге ілінуі тиіс науқастарды емдеу үшін тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізімі жазылған парақтың жоғы көзге ұрып тұрды. Мұны байқаған бақылау тобының мүшелері емханалардың басшылығына осы олқылықты жөнге келтіру қажеттігін міндеттеді.

Алаңдауға негіз жоқ!

Тексеру барысында барлық талапқа сай болған денсаулық сақтау нысанының бірі – Атырау қалалық No7 емханасы. Мұнда «дәрі жетпей қалады» деп алаңдауға еш негіз жоқ екен. Қауіпті індетті емдеуге арналған тізімдегі барлық дәрілер қоры 38 500 тұрғын тіркелген ем-хана үшін жеткілікті. Қазір талап үдесінен шығып тұрған Атырау қалалық No7 және Геолог емханасындағы жұмыс жоғары жауапкершілікпен атқарылғаны байқалады. Барлық денсаулық сақтау нысанында да тәртіп осындай болса, қандай тамаша, — деді Г.Дүсіпова.

Сондай-ақ, пандемияның екінші толқыны кезінде дәріханалар желісіндегі дәрілік заттардың қорын азайтпай, тұрақты қамтамасыз ету үшін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы тұрақтандыру қорына 684,5 млн. теңгеге аса қажетті 40 түрлі медицииналық препараттар сатып алынған.

– Бұл жұмыстарды «Іңкәр» ЖШС мүлтіксіз орындап, дәрі-дәрмекті өздерінің арнайы қоймасында сақтап отыр. Олар мұндағы препараттарды облыстағы дәріханаларға жеткізіп береді, — деді «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Әдиева.

Қалай десек те, ақжелеңділер коронавирусқа қарсы ем-домды жүргізгенде қажетті дәріден тапшылық көрмеуі тиіс. Олар өз жұмыстарын ретімен және белгіленген тәртіпке сай жүйелі түрде атқаруы үшін облы-ста дәрі-дәрмек қорының жеткілікті болғаны жөн. Ал, тұрғындар жаздағыдай дәріхана жағалап, сағаттап кезек күтіп, қала берді өзге қаладан, көршілес мемлекеттен дәрі іздеп сандалып кетпесе болғаны.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button